"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 27 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.