"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 22 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.