"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 21 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын -жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ. бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.