"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 28 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.