«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша
16 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.