24 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 24 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.