«Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 12 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.