«Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша
11 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 11 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.