«Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 10 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 10 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.