"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 08 тамызда таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өскемен қ. күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.