«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 28 шілдеде күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өскемен қ. күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.