«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ. найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.