«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 шілдеде күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ. күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.