«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.