«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 03 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ. найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.