«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 маусымда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
Өскемен қ. таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.