«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 09 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 09 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.