"Казгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 03 маусымда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Өскемен қ. найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.