23 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 23 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Жоғары өрт қауіпі күтіледі.