"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша температуралық фонның жоғарылауына және 6 мамырда облыстың басым бөлігінде негізінен жаңбыр түріндегі көп мөлшерде жауын-шашын күтілуіне байланысты 2024 жылғы 05-08 мамыр аралығында облыстың аумағында беткейлік және жергілікті ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі күтіледі. Бұл ретте судың төгілуі мен басуы мүмкін.