22-23 наурызда облыстың оңтүстік аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, сондай-ақ температуралық фонның ары қарай жоғарылауы болжанады.
Осыған байланысты облыстың аумағында 22-25 наурызда қардың қарқынды еруі жалғасады, еріген қар суы мен бүйірлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар автожолдарды, тұрғын елді мекендерді және шаруалық құрылыстарды еріген қар суы басуы мен су жайылуы мүмкін.