12 наурызда Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 12 наурызда күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с.