«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 10 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. 10 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 17-22 м/с.