«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 қаңтарда облыста түнде батысында, шығыста, оңтүстікте қар, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 10, 11 қаңтарда түнде облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20, 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Өскемен қ. күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с.