"Қазгидромет" деректері бойынша 07 Қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ күтілуде. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 07 қаңтарға қараған түні тұман күтіледі.
ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- Төмен сырғанайтын аяқ киімді дайындаңыз
-Асықпай абайлап жүріңіз
- Бұл жағдайда аяқтар сәл босаңсып, қолдар бос болуы керек
- Егде жастағы адамдарға резеңке ұшты таяқшаны қолдану ұсынылады
-Мұз басқан жерлерді айналып өтіңіз
-Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде мұқият және сақ болыңыз, көліктің тоқтағанына көз жеткізіңіз, содан кейін ғана жүріңіз.