«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша
01 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 01 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.