Күндіз 29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Өскемен қ.: 29 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.