Қазгидромет ШҚ филиалының ақпараты бойынша Күндіз 03 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі, тәулік бойы 04 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі. 03 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, 04 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 03 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, 04 желтоқсанда облыстың басым бөлігінде жел соғады, күші 15-20 м/с, 03-04 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз 03, түнде 04 желтоқсанда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
ШҚО ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Мүмкіндігінше елдімекеннен шықпаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.