"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 қарашада облыстың көп бөлігінде жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста 15-20 м/с.
Өскемен қаласында оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жел күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.