13 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Өскемен қ: 13 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.