01 тамызда таңертең және түстен кейін Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. жетеді.
Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.
01 Тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қаласында 01 Тамызда төтенше өрт қаупі күтілуде.
ШҚО ТЖД ескертеді:
- Ормандарға бармаңыз
- От жағуға болмайды
- Шөпті өртеуге жол бермеңіз
- Қоқысты жақпаңыз, сөндірілмеген темекі тұқылын көлік терезелерінен тастамаңыз.
Төтенше жағдайда және құтқарушылардың көмегі қажет болса, бірыңғай құтқару нөмірі - "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі