15 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде шанды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Өскемен қ: 15 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.
15 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.