24 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.25 маусымда Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.Өскемен қ: 24 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.