20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ: 20 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.