"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 маусым күні түстен кейін облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, 23 м жетіп, күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.
Облыстың солтүстік-батысында, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.