Меню

Страницы

Статья

Дауыл туралы ескерту

       15 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 15 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 16 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Мұндай метеожағдайларда ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының әлсіз нығайтылған элементтерінің құлауы, көлік қозғалысының қиындауы, көрінудің нашарлауы, тайғақ жол жамылғысының пайда болуы қауіптің негізгі факторлары болып табылады. Халық сақтық шараларын сақтауы керек.

Әсіресе жолдарда абай болыңыз. Автокөлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықтықты сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу ықтималдығын азайту үшін шаралар қабылдауы керек.

Егер қатты жел сізді сыртта ұстаса мүмкіндігінше жеңіл құрылымдардан, электр желілерінен, билбордтардан және басқа аспалы құрылымдардан, ағаштардан алыс ұстаңыз. Көлікті үлкен және ескі ағаштардың астына

Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дармен"тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"қоңырау шалыңыз

 

Дата публикации
14 апреля 2023
Дата обновления
14 апреля 2023
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескерту
Жедел ақпарат
20 октября 2026
Дауылды ескерту
Жедел ақпарат
19 октября 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы