31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 31 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. 31 наурызда түнде ауа температурасы 5-10, облыстың солтүстік-шығысында 15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.