Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің(Өскемен қаласы) азаматтық қорғау органының қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (Өскемен қаласы) Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органының қатардағы және кіші басшы құрамы бос лауазымдарына  конкурс жариялайды. 070004,  Өскемен қ., Протазанов к., 97/ 1, тел.  анықтама үшін: (8-7232) 25-07-94, (8-7232)25-71-47, факс- (8-7232) 57-01-22 электронды мекенжайы: nach_okp_vko@emer.kz, okp_vko@emer.kz.

Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, мемлекеттік істер  бойынша уәкілетті органда кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау мен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі бойынша тестілеуден сәтті өткен, медициналық және психофизиологиялық қуәландырылған, сонымен қатар полиграфиялық зертеуден өткен, әскери-дәрігерлік комиссия  қорытындысы бойынша қызметке жарамды болуы тиіс.

Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу резервінің дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Бой ұзындығы (ерлер үшін) 165 см, (әйелдер үшін) 160 см төмен болмауы тиіс.  

  1. Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылы «ҚСҚ» қоймасының аға бақылаушысы (C-SV-12) –1 бірлік;

Функционалдық міндеттері: «ҚСҚ» қоймасында сақтауда жатқан байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.  Байланыс құралдарының жөндеу ретін анықтау, ақауларын жедел табу және жөндеу. Өлшеу құралдарын қолдана алу және олардың басты техникалық мағлұматтарын білу. Орындалған жұмыстарға қатысты техникалық құжаттарының әзірленуіне үлесін қосады. Өлшеу құралдарын, техникалық құжаттарды және өз жұмыс орнын үлгілі түрде ұстау. Техникалық құралдарды пайдалануда техника мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Қойма меңгерушісінің және басқа да өкілетті тұлғалардың бұйрықтары мен жарлықтарын уақытында орындау. Байланыс құралдары мен дабыл құрылғысының пультіндегі дабыл қаққыштың дұрыстығын тексеруді орындау. Қойманың бүкіл өлшемі бойынша жарықтандырудың дұрыстығын тексеру.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.

  1. Өскемен қаласы КҚЖБО байланыс аға шебері, (C-SV-12) – 2 бірлік;

Функционалдық міндеттері: Байланыс құралдарының жұмысқа даярлығын, жеке құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеру, бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында тестілік тексерулерді жүзеге асыру. Орталықта және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ»ММ бөлімшелерінде орнатылған байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Байланыс құралдарының техникалық күйін тексеруге қатысады, күрделі жөндеуден өткен құрылғыларды, сондай-ақ жаңадан пайдалануға енгізілген құрылғыларды қабылдайды. Өлшеу құралдарын пайдалана білу және  олардың негізгі техникалық ерекшеліктерін білу. Байланыс құралдарының жұмысына тәулік бойғы бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.

  1. Алтай қаласы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі- құтқарушысы (C-SV-13) – 2 бірлік;
  2. Шемонаиха қаласы № 28 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушы (C-SV-13) – 2 бірлік;
  3. Күршім ауданы Марқакөл ауылы № 45 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі- құтқарушысы (C-SV-13) – 2 бірлік;
  4. Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылы № 42 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі- құтқарушысы (C-SV-13) – 2 бірлік;
  5. Курчатов қаласы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушы (C-SV-13) –1 бірлік;
  6. Шемонаиха ауданы Первомайский кенті № 29 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі- құтқарушысы (C-SV-13) – 1 бірлік;
  7. Алтай ауданы Октябрьский кенті № 20 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі- құтқарушысы (C-SV-13) – 1 бірлік;
  8. Тарбағатай ауданы Тұғыл кенті № 18 өрт сөндіру бөлімі № 53 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (C-SV-13) –1 бірлік.

           Функционалдық міндеттері: жауынгерлік кезекшілікке түскен уақытта бекітілген өрт-техникалық қарулануды қабылдау, бекітілген ТОЖҚҚ қойылған тәртібі бойынша тексерістен өткізу, өзінің кәсіби дайындығы мен өрт-техникалық қаруланудағы жұмыс қабілетін арттыру, жауынгерлік кезекшілік кезінде еңбек күзеті мен техника қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтау, бөлімшенің заттарын күтіп ұстап, өрт-техникалық қарулары мен құралдарын, жеке қарулануды тазалық пен әрқашан дайындықта ұстау, өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.

  1. Аягөз қаласы № 22 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы (C-SV-13) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Гарнизондағы шұғыл өрт жағдайын, өрт сөндіру бөлімінің шығу аудандарын және орналасқан орнын, ірі өрттерді сөндірудегі тірек пунктерін, ерекше маңызды объектілерді, суы жоқ аудандарды (учаскелерді), қарауылдардың тактикалық мүмкіндігін және техникалық жарақтандырылуын, басты өрт сөндіргіш заттардың қорының орналасу орнын, және де өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің орналасу орнын білу, ББП жедел-қызметтік құжаттамасын, оны жүргізу тәртібін, ББП радиотелефоншысының қызметін регламенттейтін жетекші құжаттарды білу, байланыс құралдарының жұмысын бақылау, гарнизон аппаратына келіп түскен хабарды анық қабылдау, дұрыс пайдалану, «101» нөмірімен телефон байланысының желісі бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шақыру туралы хабарламаларын қабылдау, шығу кестесіне сәйкес гарнизонның күштер мен құралдарын шақыру орнына жіберу.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс.

  1. Риддер қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 9 бірлік;
  2. Шемонаиха қаласы №28 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –6 бірлік;
  3. Серебрянск қаласы № 19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 3 бірлік;
  4. Ұлан ауданы Таврическое ауылы № 38 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 3 бірлік;
  5. Глубокое ауданы Черемшанка кенті № 23 өрт сөндіру бөлімі № 43 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –3 бірлік;
  6. Шемонаиха ауданы Первомайский кенті № 29 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 3 бірлік;
  7. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы № 21 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 2 бірлік;
  8. Алтай қаласы № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 2 бірлік;
  9. Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы № 35 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 2 бірлік;
  10. Глубокое ауданы Глубокое кенті № 23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  11. Риддер қаласы №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 1 бірлік;
  12. Жарма ауданы Шар қаласы №32 өрт сөндіру бөлімі №49 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  13. Ұлан ауданы Асу-Бұлақ кенті №31 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  14. Глубокое ауданы Верх-Березовка кенті № 37 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  15. Аягөз қаласы № 22 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  16. Курчатов қаласы жасағы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) – 1 бірлік;
  17. Бородулиха ауданы Жезкент кенті № 48 өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік;
  18. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы № 33 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші -қызметкері (C-SV-13) –1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бекітілген өрт автокөліктерінің тактика-техникалық мінездемелерін, тағайындауды, құрылғы, әрекеттің принципін жұмысы мен қызмет көрсету тәртіптерін, түзулігін (белгілерін, себептерін, қауіпті нәтижелерді анықтау тәсілдері мен жөндеуді), сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінің шығу аудандарын, су көздерін, жолдарды, қиылыстарды білу;

Жол қозғалысы ережесінің талаптарын орындап, бөлімдегі қаруланудағы өрт машиналарының барлық түрлерінде әр түрлі жолдар мен метеорологиялық жағдайларда жүргізушілік куәліктегі рұқсат берілген белгіге сәйкес жүргізу;

Арнайы автокөліктерде орналастырылған барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен бірге радиобекеттерде жұмыс істей алу, өрт пен аварияларда жауынгерлік әрекеттерді жүргізу кезінде техникалық мүмкіндіктерді толық көлемде қолдану.

Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі ортадан кем емес. Жасы отыз бес жастан аспаған болуы тиіс. ВС, категориялары бойынша көлік құралдарын басқаруға құқылы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін дағдылары мен міндетті біліктілігі болуы тиіс.

 

Азаматтық қоғау  органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты

min

max

C-SV-12

67319,39

91316,52

C-SV-13

83220,14

112420,19

           

Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар (өкілетті органмен қойылған түрдегі өтініш; өкілетті органмен қойылған түрде толтырылған сауалнама, өкілетті органмен қойылған түрде кадрға тіркеу бойынша жеке іс парағы (тұрғылықты орны бойынша мекен-жайы мен телефон, сонымен бірге байланыс телефоны, өкілетті органмен қойылған түрдегі басылған және өз қолымен жазылған толық өмірбаян, білімі туралы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, еңбек өтілі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, әскери билет немесе тіркеу учаскесіне шақырту куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі, соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған жағдайда), 3х4 көлеміндегі төрт фото, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі конкурстың өткізілуі туралы,  арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтаманы хабарландыру соңғы жарық көрген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Өскемен қаласы, Протазанов көшесі 97/ 1, сондай ақ Семей қаласы, Дулатов көшесі, 137 мекенжайларына келіп  тапсыру қажет.

Конкурстық коммиссияның қарауына құжат тігілетін мұқабаға салынып, қосымша құжаттардың атаулары жазылып, азаматтардың өз қолымен тапсырған құжаттар қабылданады.

  Конкурсқа қатысушылар конкурс комиссиясы өткізетін  дене күш дайындығы бойынша сынақтан  және әңгімелесуден өтеді. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының шешімі бойынша қызметке қабылдауға ұсынылған үміткерлер қызметке қабылданған орындарында тағылымдама жетекшілерінің  басшылығымен тағылымдамадан өтеді.  Аталған лауазымдарға орналасқан тұлғаларға жоғарлату шығындары төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер ұсынылмайды.

 Осы хабарландыру 2020 жылғы 26 қарашада  «7  дней»  газетінің  47 (1318) нөмірінде жарияланды

Объявление
Дата публикации
26 ноября 2020