Қауіпті өндірістік объектілердегі оқиғалар кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі

Қауіпті өндірістік объектілердегі оқиғалар кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі

Қауіпті өндірістік объектілерде авария туындаған жағдайда, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құрады, оның құрамына:

- жергілікті атқарушы органның;

- қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның;

- кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілдері кіреді.

Комиссия төрағасының шешімі бойынша аварияны тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және өзге де іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.

Аварияны тергеп-тексеру қорытындылары бойынша комиссия тергеп-тексеру актісін жасайды, онда: аварияның себептері мен мән-жайлары, жол берілген қауіпсіздік талаптары, аварияны оқшаулау және жою жөніндегі қабылданған шаралар, авариялардың себептерін анықтау жөніндегі іс-шаралар және қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде осындай авариялардың алдын алу жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.

Инцидент кезінде – қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым инцидентке тексеру жүргізеді, инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың есебін жүргізеді.

Дата публикации
08 апреля 2025