Сенім телефоны ШҚО ТЖД қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпараты бар азаматтардан қоңыраулар қабылдау және оларға жедел әрекет ету үшін құрылған. Мұндай фактілер туралы заңсыздыққа тап болған кез-келген адам хабарлай алады: қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану, бопсалау.
Сенім телефонын пайдаланудың белгілі ережелері бар. Сенім телефонына қоңырау шалып, мүмкіндігінше өзіңізді таныстырыңыз. Сіздің ақпаратыңыздың мәніне жауап жіберу үшін үй немесе жұмыс телефонының нөмірін, тұрғылықты мекенжайыңызды хабарлаңыз. Сіздің хабарламаңыздың құпиялылығына кепілдік беріледі.
Сонымен қатар, ШҚО ТЖД жеке құраммен Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және тәртіпті сақтау бойынша тұрақты негізде кеңестер өткізіледі. Барлығы жеке құрамның 2400 адамымен 32-ге жуық кездесу ұйымдастырылды.