2021 жылдың 12 айындағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста 1548 ТЖ тіркелді, 2020 жылға қарағанда  26 %-ға аз (2092 жағдай). 27372 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда  2,1 есе   көп   (12930 адам). Бұл ретте қайтыс болғандар саны  428  адам, 2020 жылмен салыстырғанда  17,5 %-ға аз  (519 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 1287 жағдайды құрады, соның 99,3% (1278 жағдай) өнеркәсіптік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 528  жағдайға азайған (29,1% - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 1815 жағдайды көрсеткен.

104 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда 15,4 % - ға аз, 126 адам.

Қайтыс болғандар саны 47 адамды  құрады, 2020 жылмен салыстырғанда  25,4 % -ға аз (63 адам).

Табиғи сипаттағы 261 төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 5,8 % - ға аз, 277 жағдай), 27268 адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 2,1 есе көп, 12804 адам), 381 адам мерт болды  (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 16,4 % -ға аз, 456 адам)

Дата публикации
21 января 2022