2021 жылдың 11 айындағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста 1459 ТЖ мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы есептік кезеңге қарағанда  25,5% -ға аз (1958 жағдай). ТЖ саны 1450 жағдай, 2020 жылмен салыстырғанда 25,6 % аз (1948 жағдай). 26599  адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда  2,5 есе   көп   (10736 адам). Бұл ретте қайтыс болғандар саны  389  адам, 2020 жылмен салыстырғанда  17,9 %-ға аз  (474 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 1189 жағдайды құрады, соның 99,3% (1181 жағдай) өнеркәсіптік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 482  жағдайға азайған (28,8 % - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 1671 жағдайды көрсеткен.

96 адам зардап шекті, 2020 жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда  4 % - ға аз, 2020 жылы 100 адам.

Қайтыс болғандар саны 47 адамды  құрады, 2020 жылмен салыстырғанда  9,6 % -ға аз (52 адам).

Табиғи сипаттағы 261 төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 5,8 % - ға аз, 277 жағдай), 26503 адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 2,5 есе көп, 10636 адам), 342 адам мерт болды  (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 19 % -ға аз, 422 адам).

Дата публикации
21 января 2022