2021 жылдың 10 айындағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста 1353 ТЖ мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы есептік кезеңге қарағанда  25,5%-ға аз (1817 жағдай). ТЖ саны 1353 жағдай, 2020 жылмен салыстырғанда  23,7% аз (1774 жағдай). 24281 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда  4,6 есе   көп   (5277 адам). Бұл ретте қайтыс болғандар саны  296  адам, 2020 жылға қарағанда 59,1%-ға көп  (186 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 1099 жағдайды құрады, соның 99,4% (1092 жағдай) өнеркәсіптік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 402  жағдайға азайған (26,8 % - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 1501 жағдайды көрсеткен.

88 адам зардап шекті, 2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 8,3 % - ға аз, 96 адам.

Қайтыс болғандар саны 41 адамды  құрады, 2020 жылмен салыстырғанда  10,9 % -ға аз (46 адам).

Табиғи сипаттағы 254 төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 6,96 % - ға аз, 273 жағдай), 24193  адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп, 5181адам), 255 адам мерт болды  (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 82,1% -ға көп, 140 адам).

 

Дата публикации
21 января 2022