2021 жылдың 3 айындағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста ТЖ мен оқиғалардың 366 жағдайы тіркелді, 2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 3,2 %  - ға аз (378 жағдай). ТЖ саны 365 ТЖ жағдайын құрады, 2020 жылға қарағанда 3,2% - ға аз (377 жағдай). 3069 адам зардап шекті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 39,9 есе көп (77 адам). Бұл ретте  38 адам қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 72,7 есе көп (22 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 354 жағдайды құрайды, соның 99,4% (352 жағдай) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 15 жағдайға азайған (4,1 % - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 369 жағдайды көрсеткен.

31 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда  18,4 % - ға аз (38 адам).

Қайтыс болғандар саны 17 адамды  құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 22,7 %-ға аз  (22 адам).

Табиғи сипаттағы 11  төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 37,5 % - ға көп, 8 жағдай),  3038 адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңіне қарғанда 77,9 есе көп, 39 адам), 21 адам мерт болды  (2020 жылғы есептік кезеңінде 0 адам). 

 

Дата публикации
14 апреля 2021