2021 жылдың 2 айындағы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста ТЖ мен оқиғалардың 283 жағдайы тіркелді, 2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 8,4 % - ға көп (261 жағдай). ТЖ саны 282 ТЖ жағдайын құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 8,5 % - ға көп (260 жағдай). 2376 адам зардап шекті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 72 есе көп (33 адам). Бұл ретте 34 адам қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 61,9 есе көп (21 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 275 жағдайды құрайды, соның 99,3 % (273 жағдай) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.

2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 21 жағдайға өскен (8,3 % - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 254  жағдайды көрсеткен.

23 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда 30,3 % - ға аз (33 адам).

Қайтыс болғандар саны 13 адамды құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 38,1 %-ға  аз  (21 адам).

Табиғи сипаттағы 7 төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 16,7 %-ға  көп, 6 жағдай),  2353 адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңінде 0 адам), 21 адам мерт болды  (2020 жылғы есептік кезеңінде 0 адам). 

Дата публикации
14 марта 2021