Есептік кезеңінде облыста ТЖ мен оқиғалардың 191 жағдайы тіркелді, 2020 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 56,6 % - ға көп (122 жағдай). ТЖ саны 191 ТЖ жағдайын құрады, 2020 жылға қарағанда 57,9 % - ға көп (121 жағдай). 916 адам зардап шекті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 61,1 есе көп (15 адам). Бұл ретте 24 адам қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп (10 адам).
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 185 жағдайды құрайды, соның 98,9 % (183 жағдай) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайлар құрайды.
2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 70 жағдайға өскен (60,9 % - ға), бұл 2020 жылғы есептік кезеңде 115 жағдайды көрсеткен.
19 адам зардап шекті, 2020 жылмен салыстырғанда 26,7 % - ға аз (15 адам).
Қайтыс болғандар саны 11 адамды құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 10 %-ға көп (10 адам).
Табиғи сипаттағы 6 төтенше жағдай тіркелді (2020 жылғы есептік кезеңге ұқсас), 897 адам зардап шекті (2020 жылғы есептік кезеңінде 0 адам), 13 адам мерт болды (2020 жылғы есептік кезеңінде 0 адам).