2020 жылдың 12 айындағы ШҚО аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен оқиғалар фактілерінің шолу-аналитикалық ақпараты

Есептік кезеңінде облыста ТЖ мен оқиғалардың 2113  жағдайы тіркелді, 2019 жылғы есептік кезеңіне қарағанда 2 % - ға аз (2156 жағдай). ТЖ саны 2053  ТЖ жағдайын құрады, 2019 жылға қарағанда 56,6 % - ға көп (1311  жағдай). 12889 адам зардап шекті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 53,5 есе көп (241 адам). Бұл ретте 478 адам қаза тапты, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,2 есе көп (66 адам).

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 1815 жағдайды құрайды, соның 99,6 % (1807 жағдай) өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы жағдайларқұрайды.

2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 642 жағдайға өскен (54,7 % - ға), бұл 2019 жылғы есептік кезеңде 1173 жағдайды көрсеткен.

123  адам зардап шекті, 2019 жылмен салыстырғанда  42% - ға  аз (212 адам).

Қайтыс болғандар саны 63 адамды  құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 1,6 %  аз   (64 адам).

Табиғи сипаттағы 238  төтенше жағдай тіркелді (2019 жылғы есептік кезеңнен 72,5 %  көп, 138 оқиға),  12766 адам зардап шекті (2019 жылғы есептік кезеңінде 29 адам), 415 адам мерт болды  (2019 жылғы есептік кезеңнен 207,5 есе көп, 2 адам мерт болды). 

 

Дата публикации
10 февраля 2021