Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілде ресми құжаттарды сауатты рәсімдеу және іскерлік коммуникация мәдениетін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарға қатысты.
Іс-шара Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Семинарға Департамент аппаратының қызметкерлері офлайн форматта қатысса, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері онлайн режимде қосылды.
Оқыту барысында мемлекеттік тілде ресми құжаттарды дұрыс рәсімдеу, қызметтік хаттарды сауатты дайындау, іс қағаздарын жүргізуде тілдік нормаларды сақтау және іскерлік қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар ресми құжаттарда сөздерді орынды қолдану, ақпаратты нақты әрі түсінікті жеткізу және ресми стиль талаптарын сақтау бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.
Аталған семинар Департамент қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қызметтік қолданысын кеңейтуге және іс жүргізу сапасын жетілдіруге бағытталды.
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны күнделікті қызмет барысында тиімді қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде құтқару қызметін бірнеше ұрпақ бойы атқарып келе жатқан отбасылар бар.
Олар үшін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — кәсіби міндет әрі отбасылық дәстүр. Аға буынның тәжірибесін жалғастырған жас құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарына қатысып, халыққа қызмет етуде.
Бір әулет — бірнеше ұрпақ — бір мақсат: ел тыныштығын күзетіп, адам өмірін қорғау — ұрпаққа үлгі болар қасиетті аманат.
Махаббат пен қызмет қатар өрілгенде, өмірдің әр сәті ерекше мәнге ие болады.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ортақ мамандықты ғана емес, өмірлік мақсатты да бірге таңдаған жұптар бар.
Олар қызметте – әріптес, өмірде – бір-біріне тірек. Жауапкершілігі жоғары мамандықты жүрек жылуымен ұштастырып, адал қызмет пен шынайы сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Бір шаңырақ, бір мамандық, бір мақсат
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері – азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандар. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты қорғау және қиын сәтте көмек көрсету бағытында қызмет атқарады.
Құтқарушы мамандығы үлкен жауапкершілікті, батылдықты және кәсібилікті талап етеді. Күнделікті қызметінде табандылық танытып жүрген мамандардың еңбегі – қоғам қауіпсіздігінің маңызды кепілі.
19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында Ұлытау облысы ТЖД бастығы, полковник Есен Байыров жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, құтқарушылардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
Салтанатты іс-шара аясында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар қызметкер ведомстволық наградалармен және алғысхаттармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында гүл шоқтары қойылып, олардың рухына тағзым етілді. Бұл тағзым – ел қауіпсіздігі жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен есімдері ешқашан ұмытылмайтынының айқын көрінісі.
Мерекелік іс-шаралар Жезқазған қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жалғасын тапты. Мұнда азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен департамент қызметкерлерінің қатысуымен ағаш отырғызу рәсімі өтті.
Аталған бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ардагерлерге құрмет көрсетуге және қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталды.
Құтқарушылар күніне арналған іс-шаралар ерлік пен адал қызметтің, кәсіби жауапкершілік пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерінің үйлестіруімен жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік және жеке автокөлікте жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жеке құрам тарапынан бұзушылық фактілері орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылатыны қатаң ескертілді.
Жеке құрамның заңдылық пен қызметтік-әскери тәртіпті сақтауы қатаң бақылауда.
Ұлытау облысында 2026–2027 жылдарға арналған жылыту кезеңіне дайындық және өрттің алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Өткен маусымда тұрғын үй секторында 45 өрт тіркеліп, адам шығынына жол берілмеген болатын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД тамыз айынан бастап үш кезеңнен тұратын арнайы жоспарды іске асыруда.
Бүгінде өңірде қатты отынмен жылытылатын 8 651 үй бар. Басты назар әлеуметтік осал топтар тұратын 278 үйге аударылуда. Бірінші және екінші кезеңдер аясында ТЖД, полиция, әкімдік және еріктілер өкілдері 705 жеке үйді аралап, 6 218 тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер жойылып, халыққа қауіпсіздік жадынамалары таратылды.
Сонымен қатар, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тұрғын үйлерде иіс газы мен түтінді анықтайтын 271 дабылқаққыш датчик орнатылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилакатикалық обходтар жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.
2026 жылғы 6 қазанда «Құтқарушылар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» акциясы аясында Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінде профилактикалық жиын өтті. Іс-шара Ұлытау облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасы мен Өзіндік қауіпсіздік тобының үйлестіруімен ұйымдастырылды. Жиынға Қаражал қаласының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сембек Мергенбай Ерланұлы қатысып, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, Әдеп кодексі нормаларын және құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Кездесу барысында пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны атап өтілді. Сонымен қатар қызметкерлерге заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстану қажеттігі жеткізілді.
2026 жылдың 09 қазанында Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік және жеке автокөлікте жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, қызметшілерге жұмысқа уақытылы келу және жұмыстан белгіленген уақытта кету, іскерлік киім үлгісін сақтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару барысында өзін-өзі ұстау мәдениеті жөнінде түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, объектілерге бару кезінде қызметтік әдеп талаптарын сақтау, азаматтармен және басқа да тұлғалармен қарым-қатынас барысында сыпайылық пен әдептілік таныту, қызметтік бейнетіркегішті (видео жетонды) тексеру барысында міндетті түрде қосып, оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
7-8 қазан күндері Жезқазған қаласы мен Талап ауылдық округінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қоюға бағытталған екі күндік кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кездегі басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығын тексеру, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру.
Алғашқы күні Жезқазған қаласының әкімдігінде жауапты мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында төтенше жағдайларға жедел ден қою, күштер мен құралдардың дайындығы, халықты хабардар ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында білім беру нысанында шартты өрт туындаған кездегі іс-қимылдар пысықталып, өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығына ерекше назар аударылды.
Екінші күні Жезқазған қаласы мен Талап ауылдық округінде кешенді оқу-жаттығулардың практикалық кезеңі өтті. Аталған кезеңде азаматтық қорғау қызметтері шартты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, күштер мен құралдардың өзара үйлесімді жұмыс істеу деңгейін тексерді.
Практикалық іс-шаралар барысында жедел шешім қабылдау, ақпарат алмасу, авариялық-құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша оқу тапсырмалары орындалды.
Екі күнге созылған кешенді оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейін бағалауға, жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын нығайтуға және төтенше жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет!