Ұлытаулық жас құтқарушылар ант қабылдады

Ұлытаулық жас құтқарушылар ант қабылдады

Бүгін, мереке қарсаңында ТЖ Департаментінің 20 жас қызметкерлерінің ант қабылдау салтанаты іс-шарасы өтті.

ҚР Конституция күні қарсаңында ТЖД жас қызметкерлері мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысындағы тапсырмасына сәйкес, Ұлытау ауданындағы Әулиетау етегінде жаңадан ашылған «Таңбалы тас» Мемлекеттік рәміздер алаңында ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне қатысқан ТЖД бастығы полковник Е.Байыров және ТЖ ардагерлері мемлекеттік рәміздер алаңның ұлт деңгейінде маңызына тоқталып және ант қабылдаған жас құтқарушыларды құттықтады.

"29 жыл бұрын тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы - еліміздің Ата заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, теңдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісімнің негізіне айналды. Біздің басты мақсатымыз – бірлік пен ынтымақты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау болып қала береді. Сіздер төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқару үшін Отанға, қызметке адал болуға ант бересіздер. Сіздер көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге әрқашан дайын болуларыңыз керек", – деп атап өтті Е. Байыров.

Жас құтқарушыларды азаматтық қорғау органдарына қабылдауларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі