
"Қыс 2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқаулықты орындау мақсатында Ұлытау облысының аумағында қысқы кезеңде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстардың іс-қимылдарын пысықтау бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді:
Оқу-жаттығуды өткізу барысында қаланың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары пысықтады:
Азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режимін қысқы кезеңнің төтенше жағдайлары қаупі төнген және туындаған кезде мақсаты бойынша міндеттерді орындауға Жоғары дайындық режиміне көшіру;
Азаматтық қорғау қызметтері мен халықтың қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру;
Көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бұзу жағдайында бағынысты күштерді басқару бойынша азаматтық қорғаудың салалық және аумақтық кіші жүйелерінің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру;
Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы тексерілді.
Осындай іс-шаралар барлық қалалар мен аудандарда өткізілді.
Ұлытау облысындағы оқу-жаттығуға жеке құрамнан 323 адам, 136 техника жұмылдырылды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі